Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ өкілдері үшін «Asia Ferroalloys» ЖШС инновациялық кәсіпорнында экскурсия өткізілді


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдері Корпоративтік университет – «Asia Ferroalloys» ЖШС кәсіпорнында болды.

Сапар барысында ЖОО ректоры Сауле Сагинтаеваның қатысуымен «Нанотехнология және металлургия» кафедрасы ғалымдарының зауыт басшыларымен және мамандарымен кеңесі өтті.

Тараптар «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының және жалпы университеттің «Asia Ferroalloys» ЖШС-мен ынтымақтастығының бірқатар маңызды мәселелерін талқылады, олардың ішінде – ғылыми жобалар мен коммерцияландыру жобаларына бірлесіп қатысу, жоғары оқу орнының оқытушылары үшін диплом алдындағы, өндірістік практикаларды, тағылымдамаларды ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру жұмысы, кәсіпорынның Университеттің басқа кафедраларымен ынтымақтасу мүмкіндігі мен болашағы және тағы басқалар.

Кеңес барысында оқу және ғылыми қызметтегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша уағдаластықтар мен келісімдерге қол жеткізілді, сондай-ақ зауыттың негізгі өндірістік цехтары (құю цехы, ферроқорытпа өндірісі, аглофабрика, жөндеу-механикалық цехы, модельдік учаске) бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Без рубрики