Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ғылыми-зерттеу тобы «Ұлытау облысындағы этносаралық, қоғамдық-саяси ахуалды зерттеу» және «Ұлытау облысындағы жастар саясаты мәселелері бойынша зерттеу» шаруашылық шарттық тақырыптарын орындау аясында Жезқазған және Сәтбаев қалаларында болды. Бұған дейін зерттеуге қажетті материалдарды жинау мақсатында аталған елді мекендерге осындай сапар болған.
Бұл жолы «өлшеу» деп аталатын екінші шара өткізілді, оның барысында эмпирикалық материалды тағы бір жинау жүргізілді. Сапар жемісті болды. Қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.