Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Сәнтай Сүлейменұлы Жетесов су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету қорына 1 000 000 теңге аударды


Мұндай шешім қабылдауға оның азаматтық және бойындағы қарапайым адамдық міндеті мәжбүр етті. Сәнтай Сүлейменұлы нақты іс атқарудың орнына бос сөз сөйлегенді ұнатпайды. Қиындыққа тап болған адамдарға көмектесе алатын кез-келген адам қолынан келгенше көмектесуі керек.

Бұл әрекетті туыстары мен жақындары қалай қабылдады? Сәнтай Сүлейменұлының өзі отбасында қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, түсіністікпен қарады. 2019 жылдан бастап оның қамқорлығында тұрақты күтімді қажет ететін науқас әйелі бар. Соған қарамастан, ол су тасқынынан зардап шеккендер үшін шын жүрегімен осындай қомақты қаражат бөлді. Мейірімділік қана біздің нәзік әлемімізді және жалпы адамзатты құтқара алатына сенімді.

Мейірімділік таныту үшін қандай да бір табиғи апаттар қажет емес. Сәнтай Сүлейменұлы сияқты бей-жай қарамайтын адам басқалар байқамайтын нәрсені көреді. Кездейсоқ көзге түскен «қой сатамыз» жазуы оны мүмкіндігі шектеулі мұқтаж студенттерге қолдау көрсету идеясына итермеледі. Ол қой сатып алып, оны балаларды тамақтандыру үшін университет асханасына берген.

Сәнтай Сүлейменұлының осындай әрекеттерінде рухани жомарттығы көрініс тапты. Әлемді шуақты және мейірімді етуде онымен ниеттес адамдар да аз емес. Бұның дәлелі ретінде бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлердің арқасында біз жаңалықтардан білетін су тасқыны кезінде ерекшеленген басқа отандастарымыздың іс-әрекеттерін көреміз. Сәнтай Сүлейменұлына және барлығына көмектері мен өнегелі үлгісі үшін алғыс білдіреміз!

Без рубрики