Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өндірістік кәсіпорындармен және компаниялармен, оның ішінде әлі де ЖОО базасында жұмыс істеп тұрған «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумының құрамына кірмейтіндермен ұзақ және берік байланыста. Бұл ынтымақтастықта біздің танымал жоғары оқу орнымыз бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға үлкен септігін тигізеді.
Студенттер үнемі еңбек ұжымдарында болады. Тек экскурсанттар ғана емес, сонымен қатар практиканттар да баға жетпес тәжірибе мен сұранысқа ие құзыреттерге ие бола алады. Өз кезегінде кәсіпорын басшылары мен мамандары біздің университетте жиі қонақта болып жүр.
Сөйтіп, «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасында 4-курс студенттерімен технологиялық процестерді автоматты және автоматтандырылған басқару және бақылау жүйелерін құру жөніндегі барлық жұмыстар кешенін орындайтын КPА Group компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Компания өкілдері KPA GROUP-тың артықшылықтары мен даму перспективалары туралы айтып, кафедра түлектеріне, сондай-ақ өндірістік тәжірибелерді өткізуге мүдделілік танытты.
Түлектер шығаратын «Энергетикалық жүйелер» кафедрасында электротехникалық жабдықтарды жеткізу және ретке келтіру саласында қызметтердің толық түрін көрсететін «Энергоскан» компаниясының өкілімен студенттердің кездесуі өтті. Компания өкілі «Энергоскан» ЖШС-нің жаңа жобалары мен әзірлемелері туралы айтып, кафедра студенттері мен оқытушыларына арналған өндірістік тәжірибе мен курстарды ұйымдастыруға көмек ұсынды, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу үшін заманауи жабдықтарды сатып алу мүмкіндігін ортаға салды.
Кафедраның бітіруші курс студенттері «Корпоративтік университет» мүшесі – «Эргономика ҒӨФ» ЖШС-ға экскурсия жасады. Болашақ мамандар тіпті компания ғимаратының өзі энергияны үнемдеуге дұрыс көзқарастың мысалы бола алатындығына назар аударды. Ол энергияны үнемдейді және «А» класы бар энергия тиімділігі сертификатына ие. Филиалдың материалдық-техникалық базасы заманауи инновациялық энергия үнемдеу жабдықтарынан тұрады. «Эргономика ҒӨФ» ЖШС Қазақстандағы алғашқы энергосервистік компания болып табылады және «ПРООН-Қазақстан»-мен белсенді түрде ынтымақтастықта. «Эргономика ҒӨФ» ЖШС техникалық мамандары компанияның инженерлік жабдықтары жұмысының мысалында университет студенттері үшін тәжірибелік сабақтар өткізді. Онда энергияны үнемдейтін жылыту, жарықтандыру, желдету жүйелерінің жұмысы және судың текке ағып кетуін бақылау жүйелерінің жұмысы қарастырылды. Алынған тәжірибе студенттерге дипломдық жұмыстардың тақырыптарын таңдауда да, кейіннен республиканың нақты объектілерін жобалауда да және пайдалануға беруде де көмегін тигізетін болады.
«Kazakhmys Barlau» ЖШС-мен ынтымақтастық аясында «ИГТ» компаниялар тобының (Мәскеу қ., РФ) бас геологы А.Ф. Читалинмен кездесу өткізілді. «ИГТ» компаниясының құрамына Геотехнология институты, ИГТ-сервис, ИГТ-Скай-Групп, ИГТ-Минералс және IGT-Overseas кіреді. Кездесу «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының базасында өтті, онда ресейлік маман кафедраның профессор-оқытушылар құрамына, «Kazakhmys Barlau» ЖШС қызметкерлеріне, «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» білім беру бағдарламасының студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына «Мыс порфирлі кен орындары, критерийлері мен белгілері» тақырыбында дәріс оқыды.
Біздің мамандарға көптеген кәсіпорындар, соның ішінде Қазақстанның басқа өңірлерінен де қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, түлек шығарушы «Нанотехнология және металлургия» кафедрасы 4-курс студенттерінің Қостанай қаласының «KamLitkz» ЖШС өкілімен кездесуін ұйымдастырды.
Кәсіпорын өкілі студенттерді «KamLitkz» ЖШС-нің жұмысымен және онда мамандарға қойылатын талаптармен таныстырды. Жан-жақты тұсау кесер өткізіп, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ондай сұрақтар аз болған жоқ. Студенттерді кәсіпорында ең көп сұранысқа ие мамандықтар, жас мамандардың тұрғылықты өмір жағдайлары, еңбекақы және басқа мәселелер қызықтырды. Қойылған белсенді сұрақтарға қарағанда олар кәсіпорындағы жұмысқа, оған қоса диплом алдындағы тәжірибеден өту туралы ұсынысқа шын мәнінде баса көңіл аударған сияқты.
Түпкілікті шешім шығаратын – болашақ мамандардың өздері екендігі мәлім.