Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенті Жігер Алматай джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды


Біздің студент-спортшылар үшін Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдығы өте сәтті қалыптасуда.

Олар халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, өз жетістіктерімен бірінші рет қуантып отырған жоқ. Биылғы оқу жылында ЖОО-ның үміт күттіретін спортшылар қатары бірінші курс студенттері — спорт шеберлігіне кандидаттар есебінен толықты. Олардың қатарында: Сартаева Еркемай (АиУ-23-1 тобы), СШК номад ММА; Сағындық Асылмұрат (АиУ-23-2 тобы), джиу-джитсудан СШК; Сказутин Владимир (С-23-2 тобы), көпсайыстан СШК.

Міне, біздің университеттің спорттық жетістіктерінің қоры тағы бір жеңіспен толықтырылды. 2023 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында джиу-джитсудан өткен «Karaganda open» халықаралық турнирінде, кимоно бөлімінде 69 келі салмақ дәрежесінде студент Алматай Жігер (С-23-1 тобы) жеңімпаз атанды.

Жігер бірден екі жекпе-жектен спорт шеберлігіне кандидат: грепплинг және джиу-джитсудан.

Қазіргі уақытта ол 1 қарашадан 7 қарашаға дейін БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.

Оған және біздің барлық спортшыларымызға оқуда және спортта жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики