Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенті «СHOREO KZ» Қазақстандық көше және заманауи хореография байқауының жүлдегері атанды


Астана қаласында «СHOREO KZ» Қазақстандық көше және заманауи хореография байқауы өтті.

«СHOREO KZ» – жыл сайын Елордада ең жарқын хореографтарды, үздік және келешегі зор бишілерді жинайтын би байқауы. Ауқымды хореографиялық шоу үш күнге созылды және әзірге Қазақстанда өзінің ауқымы мен мәртебесі бойынша баламасы жоқ.

Бұл байқауға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 2-курс студенті Камила Тазабекова қатысқан еді. Ол «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасы бойынша білім алып жүр және «INDAHOUSE» би командасының мүшесі болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша Камила және оның командасы құрметті 3-ші орынға ие болып, 100 000 теңге сомасындағы сертификатты жеңіп алды.

Камиланы беделді конкурста жүлделі орынға ие болуымен құттықтаймыз және оқуда сәттілік пен жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Без рубрики