Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенті ересектер арасында джиу-джитсудан халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды


Әбу-Даби қаласында (БАӘ) өткен джиу — джитсудан халықаралық турнирге Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының 1 курс студенті Асылмұрат Сағындық қатысты. Ересектер санатында өнер көрсете отырып, ол осы беделді жарыстарда күміс медаль жеңіп алды.

Асылмұрат Сағындық өзінің жастығына қарамастан, бірнеше чемпионатта көзге түскенін айта кету керек. Ол джиу-джитсудан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері; грэпплинг пен джиу-джитсудан Азия чемпионатының үш дүркін жүлдегері; Қазақстан чемпионатының 8 дүркін жүлдегері; Мәскеудегі «Мәскеу Жұлдыздары V» турнирінің чемпионы; ересектер арасындағы джиу-джитсудан халықаралық біріншіліктің қола жүлдегері.

Асылмұратты кезекті спорттық жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және оған жаңа жеңістер тілейміз!

Без рубрики