Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушысы Шет ауданының түлектерімен көшпелі кездесу өткізді


Мектептегі 11 жыл артта қалды. Жақында болашақ мамандық таңдау туралы әлі шешім қабылдамағандар бір шешім қабылдаулары керек. Ата-аналардың, өмірлік тәжірибесі бар ағалардың кеңесі оларға дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Бірақ көптеген балалар үшін университеттер мен колледждердің оқытушыларымен кездесу жиі шешуші рөл атқарады. Сондықтан Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да түлектерге кәсіби бағдар беру жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. ЖОО оқытушылары – мектептер мен колледждерде жиі қонақта болып тұрады.

Жақында мәдениеттану ғылымдарының магистрі, «ҚХА және ӘГП» кафедрасының аға оқытушы Ж.А.Түсіпбеков Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Шет ауданында болды. Мұнда ол «Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицей» КММ және «Дария жалпы білім беретін мектебі» КММ түлектерімен кездесті.

Түлектермен кездесу барысында оларға біздің университетке түсу ережелері, оқу және тұру жағдайлары, білім беру бағдарламалары және ЖОО-ның техникалық жарақтандырылуы туралы айтылды. Балаларға өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді, байланыс телефондары қалдырылды.

Олардың қызығушылығына қарағанда, жақын арада біз Шет ауданынан келген мектеп түлектерін талапкерлеріміздің арасынан көреміз деген үміттеміз.

Без рубрики