Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушысы Иммануил Кант атындағы Балтық Федералды Университетінде тағылымдамадан өтті.


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кеніш аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Е.А. Цешковская 2024 жылдың наурыз айында Иммануил Кант атындағы Балтық Федералды Университетінде тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама кезеңінде Елена Анатольевна университеттің қызметімен «Қоршаған ортаның жағдайына техногендік әсерді бағалау», «Урбанизацияланған аумақтардың экологиялық жағдайын жақсарту перспективалары» сияқты өзекті ғылыми бағыттар бойынша танысты.

— Қарастырылған тақырыптар ғылыми зерттеулер үшін перспективалы және кеніш аэрологиясы және еңбекті қорғау кафедрасында экология және тіршілік қауіпсіздігі пәндерін оқыту үшін, сондай-ақ барлық басқа білім беру бағдарламалары үшін қолданылады, — деп есептейді Е.А. Цешковская.

Тағылымдама аясында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ және Иммануил Кант атындағы Балтық Федералды Университеті бейінді кафедралары арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

Без рубрики