Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушылары Познань технологиялық университетінде дәріс оқып қайтты


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың оқытушылары маусым айының бірінші онкүндігінде Познань технологиялық университетінде (Познань қ., Польша) болды. Сапардың мақсаты Erasmus+ (халықаралық кредиттік ұтқырлық) бағдарламасын іске асыру аясында дәріс оқу болды.

Ұтқырлық бағдарламасына «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы А.К.Амиргалина, «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының аға оқытушылары, PhD кандидаттары Г.Е.Сүндет, К.М.Тохметова, «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы меңгерушісінің м. а., А.Д. Қасымжанова қатысты.

Познань технологиялық университетінде болу барысында біздің оқытушылар интернационалдық топтардың студенттерімен өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ жас ғалымдардың зерттеу салалары бойынша қабылдаушы тараптың әріптестерімен диалог өтті. Одан әрі ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.

Erasmus+ бағдарламасы университеттер арасындағы еларалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететіні және Еуропадағы студенттер мен оқытушылармен алмасуды қамтамасыз етеді, бұл ортақ іске пайдасын тигізетіні белгілі.

Без рубрики