Факультет түлектерімен кездесулерге қатысқан Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ атқарушы директоры, т.ғ.д., профессор А. З. Исагулов ЖОО балаларға қажетті білім мен практикалық дағдылар бергенін атап өтті. Бұл дағдылар студенттерге еңбек ұжымдарына еш қиындықсыз сіңісіп кетуге мүмкіндік береді.
Олардың әрқайсысы осы сәтте өзіне алдын-ала үлестірілген жерін біледі, өйткені университет оларды жұмысқа орналастыруға жауапты. Жас мамандар тиісті үш жыл, ал «Серпін» бағдарламасы бойынша екі жыл жұмыс істеуі қажет.
Бұл қандай шаралар және жас мамандар өздерінің жеңілтектігінің немесе заңдарды білмеуінің салдары қандай проблемаларға әкелуі мүмкін екендігі туралы мансаптық өсу орталығының директоры Г.Ж. Алина егжей-тегжейлі айтып берді. Ол барлық сұрақтарға жауап берді.
Сұрақтар аз болмады. Түлектерді университеттегі оқумен қатар атқарған жұмыстарын жұмыспен өтеу есебіне жатқызуға бола ма; егер жас маман магистратураға оқуға түссе не істейді; егер жас мамандардың жұмыспен өтеуі қадағаланатын зейнетақы аударымдарында есептелмеген кезең анықталса не болады деген және т.б. сұрақтар қызықтырды.
Міндетті жұмыспен өтеуден кім босатылады деген сауал бойынша да нақты түсініктемелер берілді.
Соңында кураторлардың байланыс телефондары берілді, солар арқылы пысықтауға қатысты барлық мәселелер бойынша қосымша ақпарат алуға болады. Немесе түлектерге университет қабырғасында болған кезде Мансаптық өсу орталығына баруға болады.
Тіпті университетте болған соңғы күндері де студенттерге болашақ жұмысын таңдау мүмкіндігі берілді. Бұл алғашқы күннен бастап соңғы күнге дейін өз студенттеріне қамқорлық көрсететін университет үшін есте қаларлық жағдай. Осы мақсатта ЖОО басшылығы түлектермен өткізілетін жұмыспен өтеу бойынша барлық кездесулерге міндетті әлеуетті жұмыс берушілерді шақырып отырды. Оларға біздің «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумының құрамына кіретін барлық ірі кәсіпорындардың өкілдері келді.
Барлық түлектерге өмірде өз орнын табуға, болашақ жұмысында мол табыс пен жылдам мансаптық өсу тілейміз!