Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың делегациясы «Жастар күші -табысты болашаққа қадам» халықаралық форумының жұмысына қатысты


2024 жылғы наурыз айының басында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы «Жастар күші — табысты болашаққа қадам» халықаралық форумының жұмысына қатысты.

Торайғыров университетінде өткен форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орындарының әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділері және өңірлік студенттік омбудсмендер қатысты.

Форумның ашылуы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейне құттықтауынан басталды.

Негізгі баяндаманы ҚР ҒжЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан жасады.

Студенттік жатақханаларда және студенттік өзін-өзі басқару органдарында атқарылған жұмыстар туралы Қазақстанның 23 қаласының омбудсмендері баяндама жасады. Форум барысында түрлі тренингтер мен зияткерлік конкурстар өткізілді, оған біздің студенттер — Жиембекұлы Әлішер, Дәулетова Камилла және Гержик Владимир белсенді қатысты.

Без рубрики