Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың базасында әрекет ететін «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы ALS (Австралия) трансұлттық компаниясының құрамына кіретін «ALS Kazlab» ЖШС-мен Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды


«ALS Kazlab» ЖШС тестілеу, инспекциялау, сертификаттау және верификациялау, оның ішінде геохимия, металлургия, қоршаған ортаны қорғау, фармацевтика, энергетика және т.б. сияқты салаларда зертханалық сынақтар жүргізу қызметтерін көрсететін ALS (Australian Laboratory Services) жаһандық компаниясының бөлімшесі болып табылады. Ұсынылатын қызметтердің кең ауқымы мен жоғары сапасының арқасында ALS зертханалар тобы әлемдегі ең ірі ғылыми зертханалық компаниялардың бірі болып табылады.

Компанияның Қазақстанда, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, ЕО елдерінде, Қытайда, Индонезияда, Малайзияда және басқа елдерде тәуелсіз зертханалары бар (штаты 13 000 білікті сарапшысы бар әлемнің 65 елінде 370-тен астам бөлімше).

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы мен «ALS Kazlab» ЖШС арасында көпжылдық жемісті ынтымақтастық жолға қойылған. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламалары шеңберінде сұранысы бар құзыреттерге ие болған кафедра түлектері «ALS KazLab» ЖШС-де табысты еңбек етуде. Осындай түлектердің бірі Аяпберген М.Т. болып табылады, ол 2023 жылы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ды үздік аяқтады және «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға түсіп, «ALS Geochemistry» ЖШС компаниясында химиялық талдау зертханашысы лауазымында практикалық тәжірибе жинақтауда.

«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқыған 2014 жылғы бакалавриат түлегі Антаев Зұлқарнайын магистратураны аяқтағаннан кейін «ALS KazLab» ЖШС-де еңбек жолын жалғастырды. 2023 жылдың сәуір айынан бастап «ALS TASHKENT» ЖШҚ бас директоры болып қызмет атқарады (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).

«ALS Kazlab» ЖШС өкілдері — бас директор К.С.Қарасартовтың, зертхана бастығы Д.К.Нұрымқановтың және химиялық технологиялар саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасында өткен дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы шеңберінде Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Университеттің «ALS Kazlab» ЖШС-мен ғылым, білім және өндірісті интеграциялау арқылы мамандарды даярлау сапасын арттыру бойынша ынтымақтастық үнемі дамып келеді және зор болашағы бар.

Без рубрики