Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың бакалаврлары мен магистранттары Польшада практикада


Мамыр айының ортасында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының бакалавриат және магистратура студенттері «Agrarna AR» өндірістік практикасынан өту үшін Польшаға жіберді.

Біздің университет тарапынан практиканың жетекшісі болып «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы М.А.Қинаятов тағайындалды.

Краков ауылшаруашылық университеті тарапынан практиканттарға көмектесу үшін профессор Marcin Niemiec тағайындалды.

Варшавада оқытушы мен білім алушыларды біздің әріптесіміз — Vasyl Kunynets қарсы алды, ол оларды Здуново селосына практикадан өту орнына дейін алып барды.

31 мамыр мен 1 маусым аралығында Краковтағы Ауыл шаруашылығы университетінің профессоры Marcin Niemiec біздің практиканттарға ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялармен таныстыра отырып, сабақтар өткізді. Бастапқы өндірістегі сапа жүйесінің аудит техникасы бойынша жергілікті жерлерге шығу жүргізілді. Оқу полигоны Primavega (Здуново селосы, Польша) компаниясының өнімдері өсірілетін алқаптар болды.

8-9 маусымда біздің практиканттар «XXIV Мазовецкий ауыл шаруашылығы күндері» ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысты (Плоньск қ., Польша).

Польшада өткізілген күндердің осы қысқаша сипаттамасына сүйене отырып, олардың қаншалықты мазмұнды және қызықты болғанын байқауға болады.

Бакалавриат пен магистратураның білім алушыларына халықаралық өндірістік практикалардан өтуде сәттілік тілейміз. Жалпы, Абылқас Сағынов атындағы ҚарТУ, Краковтағы Ауыл шаруашылығы университеті және «Agrarna AR» арасында жасалған үшжақты шартқа сәйкес серіктестік қатынастарды табысты жалғастыру және нығайту көзделуде.

Без рубрики