Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың 2023 жылғы түлектерінің 86%-ы қазірдің өзінде жұмысқа орналасты


Бұл «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының 2023 жылғы жүргізген зерттеуінің деректері.

Зерттеу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілерді тарта отырып жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР жоғары оқу орындарының тиісті рейтингі жасалды.

«Атамекен» ҰКП рейтингін жасау кезінде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері мен мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапасы мен білім алушылардың жетістіктері ескерілді.

Бұл рейтингке университеттің 30 білім беру бағдарламасы қатысты, оның 23ТОП-10-ға кірді.

Бұл ретте «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша оқыған түлектер жұмыс берушілердің ең жоғары сұранысына ие болды (түлектердің 100%-ы жұмысқа орналастырылды).

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың 2023 жылы түлектердің жұмыс іздеу ұзақтығы 2,5 айды құрады.

2023 жылы біздің ЖОО-ның жас мамандарының орташа жалақысының деңгейі – 188 962 теңге. «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламалары бойынша оқыған түлектердің ең жоғары жалақысы – 336 340 теңге, «Жылу энергетикасы» – 276 548 теңге және «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» – 285 480 теңге.

 

Без рубрики