Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ делегациясы Prospectors & Developers Association of Canada (PDAC) 2024 халықаралық көрмесінің жұмысына қатысты


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдері қазақстандық делегация құрамында Торонто қаласында (Канада) өткен әлемге әйгілі PDAC -2024 көрмесіне қатысты.

PDAC көрмесі 130-дан астам елден 30 000-ға дейін өкіл қатысатын барлау және тау-кен мамандары үшін елеулі оқиға.

PDAC-2024 аясында біздің университет «Қазақстан күніне» қатысып, өзінің білім беру, ғылыми және тәрбие қызметіне, сондай-ақ әлемдік рейтингтердегі жетістіктеріне арналған тұсаукесер ұсынды.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ делегациясы PDAC-2024-те Қазақстан ұлттық павильонының ресми ашылу рәсімін, Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің (ҚKІК) іскерлік қабылдауын, сондай-ақ Canadian Bureau for International Education и Global Affairs Canada өкілдерімен онлайн-кездесулерді қоса алғанда, түрлі іс-шараларға белсенді қатысты.

Біздің университеттің өкілдері халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Уотерлу университетінің Халықаралық қатынастар жөніндегі директоры және Макмастер университетінің Халықаралық қатынастар жөніндегі проректорымен кездесулер өткізді.

Университеттің PDAC-2024-ке, ҚКІК қатысуы, Канаданың жетекші университеттерімен халықаралық ынтымақтастық саласында жаңа перспективалар ашты және оның ғылыми және білім беру бастамаларының әлемдік аренасындағы ұстанымын нығайтты.

Без рубрики