Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-де студенттерге ҚР ҒЖБМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға арналған конкурсқа қатысуы үшін құжаттарды қабылдау ашылды


Құрметті студенттер! 

Республикалық қаржыландыру есебінен Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия жоғары оқу орындарында 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрі кезеңінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз. 

ҚР ҒЖБМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша гранттар саны:

Оңтүстік-Шығыс Азия Еуропа
1 9

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • гранттық және шарттық негізде білім алатын 2, 3 курс, 4 курс (деканаттың рұқсатымен) бакалавриат студенттері;
  • B2 және одан жоғары деңгейде ағылшын тілін білу;
  • ағымдағы GPA оқу үлгерімі — 3.0 және одан жоғары;
  • мамандықтың максималды сәйкестігі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • ҚР азаматы паспортының көшірмесі;
  • ЖОО мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт (транскриптті «Универ» АЖ-да алуға болады);
  • IELTS сертификаты болған жағдайда, сертификат болмаған жағдайда шет тілін білуі бойынша тестілеу өткізіледі;
  • студенттің көп балалы отбасынан шыққанын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
  • студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса);
  • мотивациялық хат;
  • ұсыныс хат (басшының, факультет деканының қолымен);
  • бар болса: мамандануы бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың расталған көшірмелері. 

Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде   балдары тең болған жағдайда мыналарға артықшылық беріледі:

  • GPA баллы жоғары үміткерлерге;
  • Шет тілі бойынша жоғары балл жинаған үміткерлерге;
  • жетімдер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;
  • бала кезінен мүгедектігі бар тұлғаларға және мүгедектігі бар балаларға;
  • көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге.

Жоғары оқу орындарының тізімімен және мамандықтармен төменде танысуға болады:

  1. Гедимин атындағы Вильнюс техникалық университеті (Вильнюс, Литва) https://vilniustech.lt/studies/study-programmes/294828
  2. Познань технологиялық университеті (Познань қ., Польша) https://www.put.poznan.pl/wymiana-studencka
  3. Кобург қолданбалы ғылымдар университеті (Кобург қ., Германия) https://www.coburg-university.de/academic-studies/international-bachelor-programs.html
  4. Румын-Америка Университеті (Бухарест қ., Румыния) https://www.rau.ro/find-a-ba-program/?lang=en
  5. Острава техникалық университеті (Острава қ., Чехия) https://www.vsb.cz/en/study/exchange-students/exchange-programme/
  6. Краков техникалық университеті (Краков қ., Польша) https://www.pk.edu.pl/index.php?option=com_content&view=article&id=86&Itemid=268&lang=en
  7. Обуда университеті (Будапешт қ., Венгрия) https://uni-obuda.hu/faculties/
  8. Малайзия техникалық университеті (Куала-Лумпур қ., Малайзия) https://www.utm.my/#
  9. Пекин технологиялық университеті (Пекин қ., Қытай) https://isc.bit.edu.cn/admissionsaid/financialaid/scholarships/b112920.htm#

Конкурсқа қатысуға құжаттар ЖОО кеңсесі арқылы қолма қол 2024 жылғы 11 наурызға дейін, қоса алғанда, қабылданады.

Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық орталығына (бас корпус, 241 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.

Без рубрики