2023 жылғы 31 қазанда DE MONTFORT UNIVERSITY-дегі Ұлыбритания-Қазақстан Мемлекетаралық 10-шы комиссия өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қатысуымен «Білім беру жоғары оқу орындарындағы оқытудың сапасы мен оның тартымдылығын арттыру құралы» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
Комиссияның негізгі басымдықтарының бірі Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді интернационалдандыру болып табылады. Бұл 25 000 студенттің академиялық ұтқырлыққа қатысуынан, сондай-ақ ҚР-да 38 000 шетелдік студенттің қатысуынан анық көрінеді. «Болашақ» бағдарламасы осындай студенттерге қолдау көрсетуді табыспен жалғастыруда.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 1500 ғылыми жоба, 180 қос дипломды бағдарлама және 62 бірлескен білім беру бағдарламасы, оған қоса Британ университеттерінен оқытушыларды тарту бойынша жұмыстар да белсенді түрде жүзеге асырылып келеді.
Кездесуде студенттердің академиялық ұтқырлығын, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын кеңейту ұсынылды. DR Suzanna Tomassi, William Lawton, David Lock, Dr. Bhavna Dave, Jonathan French және Eduardo Ramos өз баяндамаларын ұсынып, британдық және қазақстандық білім беру жүйелерінің айырмашылықтары, бірлескен білім беру бағдарламалары және TNE тенденциялары туралы тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Сондай-ақ, дамытушы воркшоптар өткізілді.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Британ университеттерімен халықаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстанда трансұлттық білім беруді дамытуға белсенді қатысуды жалғастыруда, оған қоса бұл кездесу алдағы уақытта осы мақсатқа қол жеткізудегі игі қадам болып табылады.