Кездесуде Эммет Кашман университетке алғысын білдірді: «Маған Қарағанды өте ұнайды және осы қаладан кеткеніме өкінемін, мүмкіндігінше келесі жылы тағы да осында оралғым келеді. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қабырғасында сабақ беруге мүмкіндік бергеніңіз үшін көп рахмет».
Әңгіме соңында Стратегиялық даму жөніндегі Директор Г.С. Жетесова университет басшылығының атынан Эмметке алғыс білдіріп, алғыс хат пен сыйлық табыс етті.
Fulbright бағдарламасының арқасында университетке үнемі шетелдік оқытушылар шақырылады. Бағдарламаның географиясын кеңейту және бұл біздің университетке соңғы келу емес деп үміттенеміз.
Гульнара Жетесова