Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында 10-11 сынып оқушылары мен Қазақстан Республикасы колледждерінің білім алушылары арасында қазақ тілі пәнінен жыл сайынғы пәндік олимпиада өткізіледі.
Олимпиада екі тур бойынша өткізілді. Бірінші тур ағымдағы жылдың ақпан айында өтті, оған еліміздің түрлі өңірлерінен 21 білім алушы қатысты. Онлайн-тестілеу нәтижелері бойынша екінші турға 17 білім алушы өтті.
Екінші тур Наурыз айының басында өтті. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша қазақ тілді және орыс тілді білім алушылар арасында төмендегідей орындар берілді:
1-орын – Бауыржанқызы Айғаным
1-орын – Сапар Нурила
2-орын –Алпысбай Нұрай
2-орын – Зинеденов Нурсан
2-орын – Браунагель Максим
3-орын – Жукова Екатерина
3-орын –Хиватдолда Жансая
3-орын – Қадырхан Алихан
Интернет-олимпиаданың тапсырмаларын әзірлеген кафедра оқытушылары аға оқытушы Байпелова Г.С., п.ғ.м., аға оқытушы Сагатова Г.К.
Қазылар алқасының құрамы:
ф.ғ.к., доцент Хамзина К.М.
аға оқытушы Байпелова Г.С.
ф.ғ.к., доцент Нығметова Н.Т.
п.ғ.м., аға оқытушы Нуржанова К.К.
п.ғ.м., аға оқытушы Сагатова Г.К.
п.ғ.м., оқытушы Конурова Н.А.