Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да педагогтардың инновациялар мен кәсіби дамуына арналған конференция өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ауқымды конференция өтті. Іс-шараны Қазақстанның Ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы (@kazaelt, @kazaelt_krg) ұйымдастырды. Конференция оқытушыларды, зерттеушілерді және білім беру саласындағы мамандарды оқыту әдістемесі, кәсіби даму және жасанды интеллектті білім беру үдерісінде қолдану сияқты өзекті мәселелерді талқылау үшін жинады.

Конференция қатысушыларды тіркеуден басталып, кейін университет студенттері STEM тақырыптары бойынша өз жұмыстарын таныстырған постерлік сессиямен жалғасты. Ресми ашылу рәсімі іс-шараның жалпы бағытын айқындап, білім беруге инновациялық көзқарастың маңыздылығын атап өтті. Конференцияның ашылуында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Тимур Ерболатұлы Канапьянов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол университеттің Қазақстандағы білім беруді дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, ҚарТУ-дың жоғары білікті мамандар даярлауға және оқу процесіне озық технологияларды енгізуге қосқан үлесін ерекше мәнге ие деп көрсетті. Сондай-ақ, конференция қатысушылары алдында Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының докторы Дамира Дулатовна Джантасова сөз сөйлеп, білім беру саласындағы инновациялық оқыту әдістері мен халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Конференция бағдарламасы заманауи білім берудің негізгі аспектілерін қамтитын түрлі тақырыптық сессияларды қамтыды: оқыту әдістемесі, CELTA әдістемесіне негізделген сабақ жоспарлау, ағылшын тілі мұғалімінің әлеуметтік желідегі жеке брендингін қалыптастыру, топтағы тапсырмаларды тиімді бөлу, инклюзивті білім беру және жасанды интеллект, сондай-ақ мұғалімдердің психологиялық әл-ауқаты. Айта кетерлігі, біздің ЖОО-ның Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары А. Е. Ержуманова мен Н. Т. Исина спикер ретінде қатысып, «Task-based learning through generative AI» және «Enhancing students’ communicative skills through Project-Based Learning” тақырыптарында баяндама жасады.

Конференцияның басты іс-шараларының бірі «The Expert Exchange: From Questions to Solutions» сессиясы болды, онда қатысушылар үш негізгі бағыт бойынша сарапшыларға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды: оқыту әдістемесі, кәсіби даму және білім берудегі көшбасшылық, сондай-ақ білім беру саласындағы кәсіпкерлік және әлеуметтік желілерді пайдалану.

Қатысушылар конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және талқыланған тақырыптардың өзектілігін атап өтті. Олар білім беру бастамаларының әрі қарай дамитынына сенім білдірді. Конференция педагогтердің кәсіби қауымдастығын дамытуға және заманауи білім беру технологияларын енгізуге ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

Без рубрики