Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да оқу орнының ректоры Сәуле Сагинтаева бастаған делегация «Құрылысэкспертпроект» ЖШС директоры Нұржан Құмашевпен кездесті


«Құрылысэкспертпроект» ЖШС компаниясы 19 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан аумағында сәулет және қала құрылысы саласында қызмет көрсетіп келеді. Компания дамуының негізгі бағыты энергетика және экономиканың су секторы саласындағы өнеркәсіптік нысандарды, сондай-ақ әлеуметтік мақсаттағы нысандарды жобалау болып табылады. Сондай-ақ, компания құрылыстың авторлық, техникалық қадағалау қызметтерін ұсынады, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру қызметтерін көрсетеді. Компания шетелдік жобаларды Қазақстан аумағына бейімдеуде мол тәжірибеге ие.

Кездесу барысында біздің ЖОО-ның жас ұрпақ арасында инженер мамандығын дәріптеу, кәсіптер мен мамандықтардың беделін арттыру жөніндегі тығыз ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды. Студенттермен көшпелі кездесулер ұйымдастыру және компания қызметін жария ету арқылы, студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру және жоғары оқу орындарының түлектері үшін дипломдық жұмыстарды көшпелі түрде қорғау мәселесі сөз болды.

Сондай-ақ, университет базасындағы компанияның инженерлік қызметкерлерінің де, қазіргі заманғы нақты жағдайлар мен қажеттіліктерді ескере отырып, оқытушылар құрамының да біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында «Құрылысэкспертпроект» ЖШС басшылығы шолу экскурсия түрінде компанияның кеңсесін аралап көрді.

Без рубрики