Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастыру және оның мазмұнын идеологиялық мағынамен байыту мақсатында университеттің спорт кешенінде спорттық мереке өткізілді.
Осы іс-шараның ашылуында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма төрағасы-ректордың у.м.а. А.Қ. Қалықов құттықтау сөз сөйледі.
Спорт мерекесіне қатысушыларға факультет декандары, ЖОО жастар саясаты департаментінің өкілдері, рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңестің төрағасы К.Б. Қызыров; университет түлектері қауымдастығының төрағасы Т.С. Ынтықов, еңбек ардагерлері жылы лебіздерін білдірді.
Асық ату, арқан тарту, кір спорты бойынша спорттық жарыстарда 9 құрама команда өнер көрсетті: 7 факультет, Инновациялық технологиялар колледжі және студенттік жатақханалар.
Арқан тарту бойынша жарыс қорытындысы:
- 1 орын — СҚФ;
- 2 орын — №3 жатақхана командасы;
- 3 орын — ЭАТФ.
Кір спорты бойынша жарыс қорытындысы:
- 1 орын — МФ;
- 2 орын — №3 жатақхана командасы;
- 3 орын — ЭАТФ.
Асық ату бойынша жарыс қорытындысы:
- 1 орын — МФ;
- 2 орын — №3 жатақхана командасы;
- 3 орын — Инновациоялық технологиялар колледжі.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға оқуда және спортта табыс тілейміз!