Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да «Машина жасау факультетінің аруы – 2024» байқауы өтті


Байқауды машина жасау факультеті ұйымдастырып, Жастар Әлемі университеттік Жастар сарайында өткізді.

Үміткерлер бірнеше номинация бойынша бақ сынасты. Олардың атауының өзі – «Визитка», «Интеллект», «Этно-сән» және «Кешкі шығу» — қатысушыларға жоғары талаптар қойды.

Арулардың әсемдігі мен нәзіктігін, тапқырлығы мен білімпаздығын патриоттық тәрбие ҒЗИ басшысы Б.А.Бушманова, аға тәлімгер К.И.Имашева, «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» мен «Нанотехнология және металлургия» кафедраларының аға оқытушылары А.К. Матешов пен Н.Б. Айтбаев бағалады.

Байқауға кафедра меңгерушілері В.В. Юрченко мен Д.Р. Аубакиров демеушілік жасады.

Байқау ұйымдастырушылар мен көрермендердің үмітін ақтады. Қатысушылар әсем қойылымдармен, өздерінің таланттарымен және әртістік бейімдігімен қуантты. Әр қатысушының шығуы жанкүйерлердің қошеметімен сүйемелденді.

Байқау қорытындысы бойынша «Машина жасау факультетінің аруы – 2024»  атағы МАШ 21-1 тобының студенті Рымжан Ұлпанға бұйырды.

Байқауда 2 орынды СТ 20-1 тобының студенті Айдана Әкімжанова, 3 орынды МВ 21-1 тобының студенті Мөлдір Қарғалтаева жеңіп алды.

Барлық қатысушыларға дипломдар, сыйлық жиынтықтары және парфюмерия сатып алуға сертификаттар табысталды.

Без рубрики