Кітап көрмесін Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің іргелі кітапханасының қызметкерлері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орайластыра ұйымдастырып отыр.
Үстіміздегі жылдың 4-6 наурызы аралығындағы үш күн ішінде көрме әйелдерге арналған кітаптардың барлық білгірлерін қуантады. Авторлар ретінде әйелдер де басым. Олардың ішінде Анна Ахматова, Марина Цветаева, Индира Ганди және басқа да танымал әйелдер бар.
Қойылған кітаптардың тақырыбы тек көркем әдебиетпен, саясатпен және публицистикамен шектелмейді. Ол әлдеқайда кең және алуан түрлі. Мұнда әртүрлі дәуірлердегі өнер туындылары, тыныс алу гимнастикасын игеру бойынша сабақтар, аспаздық рецепттер мен заманауи интерьерлер жинақтары бейнеленген альманахтар ұсынылған. Бір сөзбен айтқанда, кез-келген талғамға арналған кітаптар ұсынылып отыр.
Бір таңқаларлығы, көрмеге тек қыз-келіншектер ғана емес, ерлер жағы да ерекше қызығушылық танытты. Бұл біздің университет студенттерінің жалпы саны бойынша ер адамдардың басымдығынан болуы мүмкін.
Кітап көрмесіне қош келдіңіздер! Сіздер оған уақыт жоғалтып, өкініште қалмайтындықтарыңызға сенімдіміз.