Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Дүниежүзілік жастар күніне арналған бейнетаспалар байқауы жарияланды


2023 жылдың 8-15 қараша аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі және мәдениеті кафедрасы Дүниежүзілік жастар күніне арналған «Менің болашақ мамандығым» атты бейнетаспалар байқауын өткізеді.

Оған қатысу үшін 1-3 курс студенттері шақырылады, олар үшін мұндай конкурстар жаңа білімді игеруге уәждеме болады, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тану дағдыларын қалыптастыруға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Конкурс шарттары бойынша қатысушылар кез келген қолжетімді құралдармен түсірілген және белгіленген тақырыпқа сәйкес келетін бейнетаспа ұсынуы қажет. Динамикалық бейнетаспадан басқа, жұмыста тақырыпты, титрды және таспа авторларын көрсететін статистикалық бейнеқатар (фотосуреттер, суреттер) болуы керек. Бейнетаспаның ұзақтығы 5 минутпен шектелген.

Қатысушылардың бейнетаспалары мына эл. поштаға қабылданады: konkurs.ryaik@bk.ru сараптама комиссиясының кейіннен бағалауы үшін 2023 жылғы 14 қарашадан кешіктірмей жіберу керек. Байқау қорытындысы 2023 жылдың 20 қарашасында жарияланады. 

Конкурстың үйлестірушілері: — ОТжМ кафедрасының оқытушылары А.В.Тен, А.С.Давленова, аға оқытушы А.С.Түсіпбеков.

Без рубрики