Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТу-да «Case-in» халықаралық инженерлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті


12-сәуірде Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Business Skills Park орталығында тау-кен ісі саласындағы инженерлік кейстердің шешімі бойынша «Case-in» Х-шы халықаралық чемпионатының студенттік лигасының іріктеу кезеңі өтті

CASE-IN халықаралық инженерлік чемпионаты – бұл отын-энергетика және минералдық-шикізаттық секторлардағы, атом өнеркәсібі мен аралас салалардағы оқушыларға, студенттерге және жас мамандарға арналған инженерлік кейстерді шешуге арналған ғылыми-білім беру жарыстарының халықаралық жүйесі.

«Case-in» чемпионаты жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында іріктеу кезеңдерінен, сондай-ақ Мәскеуде өтетін финалдық кезеңнен тұратын жарыс болып табылады.

Іріктеу кезеңдері шеңберінде командалар нақты кәсіпорынның өзекті мәселелеріне арналған инженерлік кейсті шешеді. Әр іріктеу кезеңінің жеңімпазы 1 команда болады, олар Чемпионат финалына қатысу құқығын алады.

«Case-in» чемпионаты «Надежная смена» ЖШҚ-мен (Мәскеу қ.) бірлесіп, РФ Энергетика министрлігінің және Ресейдің ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындарының қолдауымен ұйымдастырылады.

Іріктеу турына қатысушылардың идеяларын құрамына ірі өңірлік компаниялардың өкілдері, салалық сарапшылар мен бизнес-кейс бойынша мамандар, сондай-ақ университет ғалымдары енген арнайы құрылған Сараптамалық қазылар алқасы бағалады.

«Тау-кен ісі» бағыты бойынша іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, олардың ішінде 1-орын алған команда чемпионаттың финалдық кезеңіне қатысады:

1-орын — «Miners» командасы (Жұмажан Гүлім ГД-20 — 4 тобының студенті, Тулеушов Тимур Мирамбекович — ГД-19 — 7 тобының студенті, Рафхатов Шыңғыс Айдарович – ГД-17-1 тобының студенті); «Miners» командасының ғылыми жетекшісі: Мусин Р. А.. — ПҚКӨ кафедрасының PhD, аға оқытушысы; ғылыми кеңесшілері: Стефлюк Ю. М., Т. ғ. к., ПҚКӨ кафедрасының аға оқытушысы; Халикова э. р. PhD, ПҚКӨ кафедрасының аға оқытушысы.

2- орын – «Маркшейдера» командасы (Семехина Ксения-МД-19 — 3 тобының студенті, Боярчук Константин-МД-19 — 3 тобының студенті, Гриценко Богдан-МД-19-3 тобының студенті); «Маркшейдер» командасының ғылыми жетекшісі: Ожигин Д.С. PhD, МІжГ кафедрасының аға оқытушысы.  «Маркшейдер» командасының ғылыми кеңесшісі: В. Н. Долгоносов – Т. ғ. д., МІжГ кафедрасының профессоры;

3 – орын – «Угольный дивизион» командасы (Әуезов Ахат-ГД-19 — 7 тобының студенті, Кан Станислав-ГД-19 — 7 тобының студенті, Бронич Иван-ГД-19-7 тобының студенті, Телжан Ғазиз. -ГД-19 – 6 тобының студенті); «Угольный дивизион» командасының ғылыми жетекшісі: Замалиев Н.М. — PhD, ПҚКӨ кафедрасының аға оқытушысы; ғылыми кеңесшілері: Усенбеков м. с., т. ғ. к., ПҚКӨ кафедрасының аға оқытушысы; Зейтинова Ш. Б. PhD, ПҚКӨ кафедрасының аға оқытушысы.

2022 жылдың мамыр айының соңында чемпионат финалына өткен жеңімпаз команда дәстүрлі түрде Мәскеу қаласында өтетін байқаудың финалдық турына қатысады.  Онда олар үздік инженерлік студенттік команда атағы үшін және жетекші салалық компанияларда тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндігі үшін күреседі.

Іс-шараға жауаптылар: ГФ кафедралары, ГФ деканаты, ДНиИ, ДАР және ДОТ қызметкерлері

Без рубрики