Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға жастар ғылымының қосқан үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференцияның ашылуы өтті.


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ««Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға жастар ғылымының қосқан үлесі» атты республикалық студенттік ғылыми конференцияның ашылуы өтті.

Конференция қазақтың көрнекті геолог-ғалымы, академигі, аты отандық және әлемдік ғылымдағы орасан зор жетістіктерімен танымал болған, ірі мемлекет және қоғам қайраткері Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналды.

Конференцияға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Сауле Сагинтаева Қ.И.Сәтбаевтың еліміздің геологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи салаларына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Қаныш Имантайұлы Орталық Қазақстанның ғылымы мен өндірісін дамытудың бастауында тұрған. Оның ісін жалғастыруға біздің университет ғалымдары да лайықты үлес қосуда. Өткен жылы ғана олар 1,4 млрд. теңгеден астам сомаға 80 ғылыми жобаны іске асырды.

Университет студенттерінде ғылыми және зерттеу жұмыстарының бай тәжірибесін үлгі тұтар адам бар. Сонымен қатар, бүгінде жастарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев атап өткендей, біз инженерлер, конструкторлар, жобалаушылар, агрономдар, бағдарламашылар ұлтына айналуымыз керек. Тек осылай ғана қарқынды ғылыми-техникалық революция жағдайында елдің тұрақты ілгерілеуі мен технологиялық егемендігін қамтамасыз етуге болады.

Конференцияға 817 баяндама ұсынылды, оның ішінде 63 өзге жоғары оқу орындарынан. Жалпы мәжіліс барысында 9 баяндама тыңдалды.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың білім алушылары баяндама жасады: ТТ-20-1 тобының студенті М.А. Бейсенбинов – «Жол-құрылыс техникаларына жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбында; ГДЗМ-23-2 тобының магистранты И.П. Егоров – «Темір жолдардың геодезиялық мониторингінде цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында; Э-22-1 тобының студенті Д.А. Зияшев – «Дағдарыс жағдайындағы компаниялардың маркетингтик қызметі» тақырыбында және Назарбаев Университетінің бірінші курс студенті Д.А. Калинина – «Enhancing the Learning Process with Kolb’s Experiential Learning Model» (онлайн) тақырыбында баяндама ұсынды. Тіпті осы толық емес баяндама тізімі бойынша да қарастырылып отырған мәселелердің кеңдігін бағалауға болады.

Сауле Сагинтаева қорытынды сөзінде конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығы мен ұсынылған баяндамалардың өзектілігін атап өтті.

Конференция жұмысының қорытындысы 12 сәуірде жасалады.

Без рубрики