Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да ғалым және педагогтың есімін мәңгі есте сақтады


Жақында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да дарынды педагог, ғалым, қоғам қайраткері Юрий Дмитриевич Обуховқа арналған естелік кітаптың тұсаукесері өтті және мемориалдық тақта орнатылды. Осылайша, бүкіл өмірін жоғары білікті мамандар даярлауға және ғылымға арнаған тұлғаның есімі мәңгілік есте сақталды.

«Адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күн өледі» – деді өзінің әріптесі, жақын досы, туралы т.ғ.к., «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының профессоры Тоқмырза Ынтықов. Енді ескерткіш тақта орнатылып, кітап шығарылған соң, оның ғылыми мұрасы қалғаннан кейін, университетіміз бар кезде ізін жалғаған буынның жүрегінде оның мәңгі қалатынына күмән жоқ.

Еске алу кітабының тұсаукесеріне жиналған әріптестері, достары – ректордың кеңесшісі, т.ғ.д., профессор М. Ибатов; т.ғ.к., профессор Т. Ынтықов; т.ғ.к., профессор И. Арыстан; «EcoProf» ЖШС ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы Д. Выдрин; т.ғ.к., профессор Қ. Қызыров; Қарағанды облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының төрағасы А. Ракишева; т.ғ.д., профессор Ф. Низаметдинов және Юрий Дмитриевичтің қызы А. Киселева өз естеліктерімен бөлісті.

Әркімнің еске алары болды… Юрий Дмитриевич даңқты еңбек жолынан өтті. 1963 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітіріп, тағылымдамашы-оқытушыдан профессорға дейін, «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау», «Өнеркәсіптік экология және химия» кафедраларының меңгерушісінен, геоэкология және тау-кен факультеттерінің деканына дейінгі жолды бағындырды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы, институттың партия комитетінің, университеттің Әдеп және ардагерлер кеңестерінің хатшысы болды. Дарынды педагог, іскер ғалым және табысты жетекші бола отырып, ол жоғары білікті мамандардың бірнеше буынын тәрбиеледі. 320-дан астам ғылыми еңбектің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның қазақстандық ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен атап өтілді: «Еңбек ардагері», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Экология үздігі», үш дәрежелі «Кенші даңқы» белгілері және т.б. Юрий Дмитриевичті білетін барлық адамдардың бірауыздан пікірі бойынша ол әрқашан әріптестерімен бейресми, достық қарым-қатынаста болды.

Осы естеліктерден-ақ көңілді, ғылымға және оқытушылық қызметке құмар, айналасындағыларға, адамға өз жылуын шашып тұратын тұлға бейнесін елестетуге болады. Айта кету керек, презентацияға қатысушылардың барлығы дерлік естелік кітабы мен ескерткіш тақтаны дайындауға демеушілік етті.

Сол күні тақта екінші оқу корпусында, профессор Обухов дәріс оқыған 504 аудиторияда орнатылды. Мемориалдық тақтаны орнату салтанатты рәсіміне Тау-кен факультетінің деканы, доцент Н. Жолмағамбетов; Қарағанды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ. Тұяқов; т.ғ.д., профессор С. Ожигин; т.ғ.д., профессор В. Демин; т.ғ.д., профессор Б. Глотов; Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің химия факультетінің деканы, х.ғ.д., профессор М. Ибраев және т. б. қатысты.

Юрий Дмитриевичтің туыстары мен жақындарының атынан сөйлеген қызы А. Киселева университет басшылығына және естелік кітап пен ескерткіш тақта орнатуға қатысқандардың барлығына ризашылығын білдірді.

Без рубрики