Іс-шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен Орталық Азиядағы технологиялық салаларда жұмыс істейтін әйелдердің алғашқы ұйымы «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырды: IT, digital, телеком, жаңа медиа, Fintech, Edutech, Healthtech, Biotech, Ecotech, Nanotech, Robotics, ғарыш және басқа да жоғары технологиялық салалар. Ұйымның штаб-пәтері Халықаралық қаржы орталығында (Астана қ.) орналасқан.
Университеттің акт залында өткен іс-шараға «TechnoWomen» КЕҰ стратегиялық кеңесінің мүшесі, ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице – министрі Ж.Б. Дубирова, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Басқарма Төрағасы — Ректорының уақытша м. а. А.К. Калыков, ЖОО ПОҚ және студенттері, барлығы – 350-ден астам адам қатысты.
Цифрландыру бүгінгі таңда ең дамушы салалардың бірі болып табылады. Қоғамда бұл қызметтің тек ер адамның бағыты болып саналады. Алайда, іс-шараны ұйымдастырушылар бұл саладағы әйелдер жаңадан келмегенін және делитанттар емес екенін дәлелдеуге шешім қабылдады.
«TechnoWomen» — бұл біздің ұйым бастаған жаңа формат, – деп атап өтті Ж.Б. Дубирова. — Біз Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ қыздарының келіп, олардың аға буынының цифрландыруда қалай дамып жатқанын көруін арнайы қаладық. Мұндай іс-шаралар, ең алдымен, тәжірибе алмасу үшін қажет.
Сөз сөйлегендер іс-шараға қатысушыларға ғылым мен өнеркәсіптегі гендерлік теңдікке қол жеткізу шеңберінде технологиялық индустрияларда жұмыс істейтін әйелдердің кәсіби қоғамдастығы қалай дамып жатқаны, сондай-ақ жеке және кәсіби өсуді арттыруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды қалай әзірлеу және іске асыру керектігі туралы айтып берді.
Аталған іс-шара аясында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ және «TechnoWomen» КЕҰ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.