Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ базасында Қарағанды облысы ЖОО-ның қатысуымен пікірсайыс турнирі өткізілді


Рухани келісім күніне орай Қарағанды облысының дін істері басқармасы мен «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі университетіміздің базасында пікірсайыс турнирін өткізді, оған өңірдің жоғары оқу орындары қатысты.

Мұндай пікірсайыс турнирлері біздің университет қабырғасында бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Ал қазіргі турнир ерекше маңызға ие, өйткені пікірсайыс тақырыбы қоғамымыздың басты құндылықтары – бірлік пен рухани келісімге қатысты болды. Міне, дәл осындай іс-шаралар жастардың бойында толеранттылықты, бейбітшілікті, конфессияаралық және этносаралық келісім мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететіндігі сөзсіз. Сонымен қатар, олар оны дау-дамайдағы және басқа да көп жағдайдағы өз ұстанымын қорғауға және дәлелдеуге үйретеді, бұл болашақ жоғары білікті мамандар үшін өте пайдалы болады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – ректоры М.К. Ибатовтың атынан пікірсайысқа қатысушыларды құттықтап Басқарма мүшесі, тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор А.К. Калыков сөз сөйледі.

А.К. Калыков қатысушыларды Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

— Жастарды тәрбиелеудегі пікірсайыс турнирлерінің маңыздылығына баға беру аса қиын, — деді ол. — Қазіргі уақытта көптеген көрнекті саяси қайраткерлер өздерінің қоғамдық қызметін бүкіл әлемге танымал болған осы турнирлерден бастаған. Мұндай турнир диалог жүргізуді, өз көзқарастарын қорғауды, өз ойларын дұрыс тұжырымдап, дұрыс дәлелдеуді үйретеді.

Абай Қобландыұлы өзінің қысқаша сөзін аяқтай отырып, барлық қатысушыларға шын мәнінде қызу пікірталас пен алға қойған мақсаттарына жетулеріне табыс тіледі.

Алдағы пікірталастарға жиналған қатысушылардың қобалжыған көңіл күйін «Ерке сылқым» күйін орындаған «Сарыарқа сазы» домбыра үйірмесінің домбырашылары сабасына түсірді. Қысқа жеребе тастау рәсімінен кейін қарсылас командалар алдын-ала белгіленген аудиторияға бөлінді.

Сайыс нәтижесінде, бірінші орын Қарағанды медициналық университетінің (қазақ тілі) және Е.Бөкетов атындағы ҚарУ (орыс тілі) командаларына берілді; екінші орынға – қазақ және орыс тілдерінде пікірсайыс жүргізген ҚММ-нің екі командасы; үшінші орынға – Е. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың сондай командалары шықты.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Без рубрики