Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымы «Қазақстандағы ERASMUS+ бағдарламасының ақпараттық күніне» қатысты


«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі А. Такибаева 19-желтоқсанда Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Қазақстандағы ERASMUS+ бағдарламасының ақпараттық күні» іс-шарасына қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі; ҚР-дағы Еуропалық Одақ өкілдігі; Білім және мәдениет жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттік; Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі.

А.Такибаеваның Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуановамен жасыл химия бағыты бойынша Erasmus+ «Jean Monnet Actions» халықаралық конкурсына қатысу үшін құжаттарды ресімдеу мәселесі бойынша жеке сұхбаты өтті.  Іс-шара соңында ол VII-VIII ғасырда Қытайға қарсы азаттық соғыстарының нәтижесінде қайта құрылған екінші Түркі қағанатының көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін ескерткішіне, Түркі жазуы тарихының мұражайына барды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары, ҚР жоғары білім беруді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар тобының (HERE) мүшесі спикер Гүлжан Жарасованың баяндамасында ЖОО-лардың ҒИ Хакатондарға белсенді қатысуы атап өтілді.

Қазақстанда алғаш рет «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС платформасында ҚР ҒЖБМ-мен бірлесіп өткізілген «Металлургиялық кәсіпорынның ғылыми-технологиялық дамуы» ҒИ Хакатонына қатысу нәтижелері бойынша қараша айында ҚР Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімімен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының «Мыс кендерінен бос алтын мен құрамында алтын бар минералдарды қосымша өндіру» тақырыбы бойынша ұсынған жобасын қаржыландыру мақұлданды.

Без рубрики