Ағымдағы жылдың маусым айында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Қарағанды облысының басшылығына, «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не ұйымдастырған дөңгелек үстелде «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасы профессорының м.а. О. Балабаев Қарағанды агломерациясының көлік жүйесін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жобасын ұсынған болатын. Жүргізілген зерттеулер негізінде Қарағанды агломерациясының көлік жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу ұсынылды.
Ғылыми жоба облыс және қала әкімдігінің өкілдері тарапынан оң пікірлерге ие болды. Бүгін, 4 желтоқсанда Қарағанды облыстық әкімдігінде жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Оған Қарағанды облыстық әкімдігі тарапынан «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы М. Қожанов; Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М. Мұқашев; Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары М.Мұқышев; Автомобиль жолдары және жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы А. Шағдат; Жолаушылар көлігі және тасымалдау бөлімінің басшысы Қ. Мақышов қатысты. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ тарапынан кеңеске ғылыми жобаның жетекшісі, «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығының директоры О.Балабаев және э.ғ.к., «Кәсіпорынның экономикасы және менеджменті» кафедрасы доцентінің м. а. С. Акенов қатысты.
Кеңес барысында бірқатар мәселелер талқыланды. Оның ішінде, Қарағанды агломерациясының көлік жүйесінің ағымдағы жай-күйін бағалау және даму перспективаларын талдау; қалалық және өңірлік агломерациялардың көлік жүйелерін қалыптастыру мен дамытудың шетелдік тәжірибесін талдау; Қарағанды агломерациясының автомобиль жолдарындағы көлік ағыны қозғалысының қарқындылығын талдау; көлік ағындарының қарқындылығының өзгеруіне байланысты Қарағанды агломерациясының көлік жүйесін дамыту заңдылықтарын зерделеу; Қарағанды агломерациясының көлік жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу.
Ғылыми жоба Қарағанды облысын дамыту және еліміздің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін зор маңызға ие. Жобаның авторлары университетіміздің ғалымдары екені қуантады.