Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары Қытайдағы 18-ші Халықаралық маркшейдерлік конгрестің жұмысына қатысты


26-29 қазан аралығында Қытайда тау-кен саласындағы прогрессивті маркшейдерлік-геодезиялық және геомеханикалық шешімдерге арналған кезекті 18-ші Халықаралық маркшейдерлік конгресс (ISM) өтті

Қазақстан Республикасының атынан ғалымдар тобы: профессор Ф.К. Низаметдинов және доцент Н.Ф. Низаметдинов (Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ), сондай-ақ докторант А. Әшімова (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) қатысты.

Халықаралық маркшейдерлік конгресс пен ISM Президиумының жұмысы Қытайдың екі қаласында – Пекин мен Сюйчжоуда өтті. Оған әлемнің 32 елінен: Қазақстан, Қытай, Германия, Ресей, Африка, Австралия, Вьетнам, Өзбекстан, Албания және т.б. 500-ден астам тау-кен кәсіпорындарының маркшейдерлері мен оқу және ғылыми-зерттеу жоғары оқу орындарының жетекші профессорлары қатысты. Пленарлық отырыс пен 12 секцияның жұмысы Сючжоу қаласындағы Конгресс-кешенде өтті.

Негізгі баяндаманы ISM Президенті, Қытайдың Huang Leting технологиялар университетінің профессоры жасады. Кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының өкілдері тау — кен өндірісінің маркшейдериясы саласындағы озық технологиялармен және әзірлемелермен бөлісті, ал жабдық өндірушілер конгреске қатысушыларды жаңа құралдармен және лазерлік-цифрлық өлшеу аспаптарымен таныстырды.

Конгресс жұмысының нәтижелері бойынша прогрессивті әзірлемелер арнайы дипломдармен және наградалармен марапатталды. Бұл ретте студенттік және магистрлік зерттеулерге ерекше назар аударылды.

Қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері ISM Президентінің сертификаттарымен марапатталды.

Без рубрики