Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары Бұқарада өткен халықаралық конференцияға қатысты


26-27 сәуірде Бұқара инженерлік-технологиялық институтында Халықаралық конференция өтті. Бұқара инженерлік-технологиялық институты Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің серіктес жоғары оқу орны болып табылады. Біздің ЖОО-лар үнемі конференциялар өткізіп, тәжірибе алмасып отырады. Бұл жақсы дәстүрге айналды.

Айтпақшы, Бұқара ғалымдары өткен жылы біздің ЖОО-ның 70 жылдық мерейтойына қатысты. Ал бұл күндері Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Ақпараттық технологиялар факультетінің бірқатар жетекші ғалымдары Бұхараға кері сапармен барды.

Конференция жұмысына, атап айтқанда, «Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердегі ғылыми-практикалық мәселелерді шешу үшін Internet of Things және Machine Learning технологияларын қолдану» секциясына қатысқан Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ магистранттары мен оқытушылары осы өзекті тақырып бойынша бірқатар баяндамалар ұсынды. Internet of Things және Machine Learning – бұл қазіргі уақытта әлемді жақсы жаққа өзгертіп жатқан технологиялар. Олардың әлеуеті өте зор.

Өткізілген конференция тәжірибе алмасудың, жаңа идеяларды қалыптастыруға ықпал ететін өзара тиімді ынтымақтастықтың, өзекті міндеттерді шешудің жолдарын бірлесіп іздестірудің жемісті екендігінің қосымша дәлелі болды.

Без рубрики