Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары Астана қаласында Қазақстан геологтарының 1-съезінің жұмысына қатысты


«ХХІ ғасырдағы Қазақстанның геологиялық қызметі: жағдайы, проблемалары мен болашағы» съезі 2023 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің қолдауымен өтті.

Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің міндетін атқарушы И. Шархан KAZAKHMYS BARLAU ЖШС Бас директоры Г.Нұржанов, ҚР ҰҒА академигі, г-м.ғ.д. Д.С. Дәукеев, ҚР Минералдық ресурстар академиясының өкілі Г. Фрейман, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының директоры Г. Жолтаев, ғалымдар мен мамандар, оның ішінде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ғалымдары қатысты.

Талқылаудың басты тақырыптарының бірі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауы болды, онда 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерделеу алаңын ағымдағы 1,5 млн.-нан 2,2 млн. шаршы километрге дейін жеткізу міндеті қойылды.

Съезд саланың өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды. Іс-шараның негізгі міндеті – 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемін екі есеге арттыру және республиканың берік өнеркәсіптік базасын қамтамасыз ету мақсатында елдің минералдық-шикізат базасын толықтыру және дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу.

Съезд барысында геологиялық ұйымдарды дамытудың проблемалары мен перспективалық бағыттары, сондай-ақ минералды-шикізат базасын объектілерді геологиялық-өнеркәсіптік бағалаудың жаңа технологияларын қолдана отырып, ауқымды геологиялық барлау ізденістерімен толықтыру және оларды практикалық игеруге дайындау қажеттілігі айтылды.

Съезд қорытындысы бойынша Британдық геологиялық қызмет пен Қазақстандық «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды: тараптар геология, өңірлік геологиялық зерттеулер және геологиялық карталар мен деректер базасын құру саласында озық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасуға ниетті.

Без рубрики