Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жетекші оқытушылары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» атағына ие болды


Республикалық конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ  7 ғалымы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2022» атағының иегері атанды:

  • Абдуғалиева Гүлнұр Баймырзақызы;
  • Ганюков Александр Анатольевич;
  • Исатаева Фарида Мұратқызы;
  • Қайбасова Динара Жеңісбекқызы;
  • Қажыкенова Сәуле Шарапатқызы;
  • Пак Юрий Николаевич;
  • Пономарева Марина Викторовна.

Байқау ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі негізінде өткізілді, ол арқылы қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын бақылай алды. Сондай-ақ «Үздік ЖОО оқытушысы-2022» байқауына қатысуға өтініштер мен құжаттар электронды форматта қабылданды. Бұл байқаудың ашықтығын қамтамасыз етті.

Байқауға еліміздің 71 жоғары оқу орнынан барлығы 775 талапкер қатысты. Қазақстанның 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2022» атағына ие болған оқытушыларымызды құттықтап, шығармашылық табыстар, ғылыми жаңалықтар мен өркендеу тілейміз!

Без рубрики