Шұбаркөл кен орнының көмір қабаттарындағы тонштейндердің (саз қабаттарының вулканогендік табиғаты бар) минералдық-геохимиялық ерекшеліктерін зерттеу перспективалы нәтижелер берді.
Зерттеуді гранттық ҒЗЖ аясында PhD докторы Д.С. Ожигиннің ғылыми жетекшілігімен ЖОО жас ғалымдарының шығармашылық тобы жүргізді.
Саз қабаттарын зерттеудің негізгі міндеті көмірден бағалы металдарды, оның ішінде сирек кездесетін элементтерді алу перспективасын бағалау болды. Ол үшін құнды элементтермен байытылған көмірдің қай жерде және қандай жағдайда пайда болатынын нақты түсіну, оларды өңдеу әдістерін жасау үшін осындай көмірді анықтау қажет.
«Шұбаркөл» кен орнының сазды қабаттары мен тотыққан көмірінің минералдық-геохимиялық ерекшеліктерін зерттеу оларға құрамында сирек жер элементтері мен қоспа элементтерінің көп мөлшерінің болуы тән екендігін көрсетті.
Жобаны іске асыру барысында кешенді геохимиялық және минералогиялық деректер, сондай-ақ «Шұбаркөл» кен орнының палеотектоникалық қалыптасуын реконструкциялау негізінде көмір мен саз қабаттарына аталған элементтердің түсу моделі әзірленді.
«Шұбаркөл» кен орнындағы терең жарылымдар аймақтарына байланысты көмірде сирек кездесетін жер элементтері мен қоспа элементтерінің жоғары концентрациясының жинақталу ерекшеліктері бойынша материалдарды талдау оларды елдің көмір және сирек металл салаларын дамыту үшін кешенді пайдалану мүмкіндігінің объективті негіздемесі болып табылады.