ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ ҚЫТАЙДЫҢ СИЛИКОН АЛҚАБЫН БАҒЫНДЫРУДА


Медет Серік Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының түлегі. Қытайдың Шэньчжэнь қаласының –Силикон алқабында жүріп Huawei компаниясының штаб-пәтерінде C-Suite басшыларымен 200-ден астам консультациялар өткізді, соның арқасында бүгінде әр-түрлі халықаралық шарттар жасалды.

Медет ЖОО оқып жүргенде Ш. Құдайбердиев атындағы Тілдердің үштұғырлығы орталығында техникалық аударма курсын аяқтаған. Университетті бітіргеннен кейін ол Пекин технологиялық университетінде магистратураға түсті, бұл Қытайдың ең ірі автомобиль конгломераты BAIC group жұмысқа орналасуға кепілдік берді. Содан кейін Шанхайға шақыру келіп түсті, онда жас маманға Volkswagen компаниясында жұмыс ұсынылды. Volkswagen-де алты ай жұмыс істегеннен кейін, Медет Huawei компаниясына үлкен шақыру алды және үш жыл бойы Силикон алқабын сәтті бағындырып келеді және алға одан биік мақсаттар қоюда.

70 жылдық тарихында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өнеркәсіптің түрлі салаларында, оның ішінде IT-индустрияда сұранысқа ие 100 мыңнан астам мамандар шығарды.

Без рубрики