Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің түлегі Purdue University (АҚШ) PhD докторантурасында оқуын жалғастыруда


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының түлегі Қошан Ерасыл «Geomatics» мамандығы бойынша беделді Purdue University (АҚШ) PhD докторантурасында оқуын жалғастыруда.

Қошан Ерасыл 2016 жылы «Геодезия және картография» мамандығы бойынша жоғары білім алған және университет басшылығына, кафедра оқытушыларына, куратор Ж.М. Батыршаеваға, дипломдық жобаның жетекшісі М.Б. Игемберлинаға бакалавриат бойынша сапалы дайындығы үшін шексіз алғысын білдіреді.

Бұрынғы түлектер қол жеткізген биігімен шектеліп қалмай, өздерінің ғылыми және өндірістік мансаптарын ойдағыдай құрып, тәлімгерлерінің еңбегін жоғары бағалап, қаншалықты алыс жерде болмасын, олар туралы және өздерінің туған университеттері туралы ұмытпағаны қуантады.

Без рубрики