Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттеріне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ білім беру гранттарын табыстады


2022 жылғы 6 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің конференц-залында қазақстандық индустрия флагмандарының бірі – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның білім беру гранттарын 37 студентке салтанатты түрде табыстау өтті.

«АрселорМиттал Теміртау» 14 жыл бойы «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы шеңберінде мамандар даярлау мен ғылыми зерттеулер жүргізуде ЖОО-ның стратегиялық серіктесі болып келеді.

Қазақстандық индустрия дамуының қазіргі кезеңінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау ғылымды, білімді және өндірісті нақты біріктіруді талап етеді.

Іс-шараға тау-кен департаментінің атқарушы директоры Джелсон Батиста басқарған компанияның өкілдік делегациясы қатысты.

Джелсон Батиста «АрселорМиттал Теміртаудың» ең басты активі оның қызметкерлері екенін, ол біздің түлектерімізге қызығушылық танытатынын ерекше атап өтті және студенттерге алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде табыс тіледі.

Білім алушыларға тек барлық дайындық курсының ақысын ғана емес, сонымен қатар кәсіпорында жұмысқа орналасуға кепілдік беретін атаулы сертификаттарды тапсыру рәсімінен кейін, студенттер атынан Шутько Мария мен Таубаев Өмірбек алғыс білдіріп, сөз сөйледі.

Оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің мыңдаған ұжымы атынан «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы – Ректор, т.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.К. Ибатов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығына студенттерді қолдағаны үшін шынайы алғысын білдірді. Өзінің қорытынды сөзінде ол: «ЖОО мен кәсіпорынның жемісті ынтымақтастығы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты бірлескен үлес қосуға мүмкіндік бере отырып, одан әрі дами береді деп үміттенемін», — деді.

Без рубрики