Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері Жас мемлекеттік қызметшілер мен ЖОО студенттері арасында эссе байқауының жеңімпаздарының қатарында болды


Мемлекеттік қызметке облыс жастарының дарынды өкілдерін тарту мақсатында 10 мамырда «Мемлекеттік қызмет және жастар» конференциясы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп өткізді. Сонымен қатар, конференция аясында жас мемлекеттік қызметкерлер мен ЖОО студенттері арасында эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Эссе байқауына облыс бойынша 100-ден астам жұмыс қабылданып, конкурстық комиссияның қарауына ұсынылды. Қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері жеңімпаз атанды. Олар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Без рубрики