Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері Ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсының 2-кезеңнің жүлдегерлері атанды


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарының базасында жыл сайын жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсын (СҒЗЖ конкурсы) өткізеді.

2021-2022 оқу жылындағы СҒЗЖ байқауының 2-кезеңінің қорытындысы бойынша 6в07205 – «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері марапатталды.

I- дәрежелі дипломдармен Мұқатай Аян және Мұса Мейірбек (ғыл. жет. — техника ғылымдарының кандидаттары, ХжХТ кафедрасының доценттері Омарова Н.К. және Шерембаева Р.Т.).

III- дәрежелі дипломдарды жеңіп алғандар:

— студенттер Кенжин Жанай және Қайратова Аида (ғыл. жет. — ХжХТ кафедрасының аға оқытушылары Амирхан А.А. және Қайырбаева М.Ж.)

— студенттер Ғабдулла Нұрдаулет и Манарбек Құралай (ғыл. жет. – т.ғ.к., ХжХТ кафедрасының доценті Әкімбекова Б.Б., ХжХТ кафедрасының аға оқытушысы Жорабек А.А.).

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсының 2-кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики