«Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы жыл сайын білім алушыларды әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауына қатысуға дайындайды.
2021-2022 оқу жылында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша СҒЗЖ Республикалық байқауының 2-кезеңдегі қорытындысы бойынша біздің университет студенттері жүлделі орындарға ие болып, марапатталды:
— Назым Әділхан (ғылыми жетекшісі – PhD докторы, ҚХА және ӘГП кафедрасының меңгерушісі Д.Г. Шорманбаева) – II дәрежелі диплом;
— Төлеуова Әсел (ғылыми жетекшісі – ҚХА және ӘГҚ кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м. Е.Ж.Әубәкіров) – III дәрежелі диплом.
СҒЗЖ республикалық байқауының жүлдегерлерін – студенттерді құттықтаймыз! Жаңа табыстар тілейміз!