Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті кір спортынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды


Жақында Нью-Дели қаласында (Үндістан) кір спорты бойынша әлем чемпионаты, сондай-ақ Әлем Кубогының төртінші кезеңінің қатарлас сынағы өтті. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ТМО-21-2 тобының студенті Илья Горбачев жарыстың ұзақ циклінде салмағы 32 келі болатын екі кір тасты 53 рет көтеріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар Әлем кубогының 4-ші кезеңін жеңіп алды.

Спортшымызды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Без рубрики