Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Шетел тілдері» кафедрасы 2023 жылдың 20 қазанында сағат 10.55-те «Ел болашағына жастар көзқарасы» атты танымдық іс-шара өткізеді.


2023 жылдың 20 қазан күні сағат 10.55-те «Шетел тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ел болашағына жастардың көзқарасы» атты пікірсайыс танымдық іс-шара өтеді. Аталған іс-шара аясында студенттер еліміздің болашағын талқылап, өз ойларын білдіруге мүмкіндік алады. Ағылшын тіліндегі пікірсайыстарымыз – өзекті мәселелерді талқылауға, коммуникативті дағдыларды дамытуға және өз идеяларыңызды жеткізуге бірегей мүмкіндік.

Іс-шараның мақсаты:

Ағылшын тілінде еліміздің болашағы үшін маңызды мәселелерді жастардың өз көзқарасын білдіруіне және зерттеуіне жағдай жасау.

Міндеттер:

  • Ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға үлес қосу;
  • қазіргі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелер бойынша дәлелді көзқарастардың қалыптасуына ықпал ету;
  • студенттерді толерантты пікірталас пен өзара түсіністікке баулу.

Жастар – еліміздің болашағы, олардың пікірі маңызды. Біз жылдам өзгеретін әлемде өмір сүріп жатқандықтан, ақпаратты талдау және дәлелді ұстанымдар құра білу маңызды. Аталған іс-шара студенттерге сыни ойлауды дамытуға және негізгі тақырыптар бойынша пікірталасқа қатысуға мүмкіндік береді.

Без рубрики