Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында «QazInnovations» инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ мамандары ЖОО ПОҚ үшін инкубациялық бағдарламаларды ұйымдастыру және өткізу бойынша оқыту мастер-кластарының (біліктілікті арттыру) республикалық курсын өткізді.
Бұл курстың мақсаты ПОҚ стартаптарды дайындау мен қалыптастыруға, стартап-қауымдастықтар құруға оқыту болды.
Сабақтар коворкинг орталығы, бизнес-инкубатор кеңселері және кәсіпкерлік дағдылар мен стартаптарды дамытуға арналған басқа да заманауи инфрақұрылымы бар университеттің Business Skills Park өтті.
Мастер-кластар шеңберінде практикалық сессиялар, консультациялар, стартаптардың презентацияларын талдау өткізілді. Тыңдаушылар бизнес-инкубациялау бағдарламасының Демо күніне де қатысты.
Курс шеңберінде АЕЖ кафедрасының ПОҚ біліктілігін арттырды: «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының меңгерушісі А.А. Калинин, доценттер — Б.К. Сұлтанова, А.С. Смагулова, Н.В. Мутовина; доцент м.а. Д.Ж. Қайбасова, аға оқытушылар — Б.О. Мұхаметжанова, З.Б. Сайманова, А.В. Олейникова және А.Е. Сүлеймен.
Оқыту мастер-кластарының республикалық курсы өте пайдалы болды және біздің оқытушыларымызға кәсіпкерлік дағдылар мен стартаптарды дамытуға түрткі болды. Ұйымдастырушы – «QazInnovations» инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ шынайы алғысымызды білдіреміз.