2024 жылғы 12қазан күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері
Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің басқа өңірлерінен, соның ішінде Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарынан, ШҚО және Ұлытау облыстарынан 40 команда жиналған ADAL Cup республикалық пікірсайыс турниріне қатысты. Турнирдің басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікпен парасаттылық идеалдарын ілгерілету болды. Пікірсайыс Британдық парламенттік форматта өтті және екі лига – қазақ және орыс лигаларын қамтыды.Орыс тілді лигада барлық үш жүлделі орын Астанадан келген командаларға берілді. «Күздеубаев Нұртас» (Нұртас Күздеубаев, Ролан Мұхитжан) командасы үздік атанды. Екінші орында Nomad Da (Алтынай Заманбекова, Данияр Баймағамбетов).Іс-шараның хедлайнері Stand up комик Руслан Тай болды.Турнирді ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының әкімдігі, жастар саясаты мәселелері басқармасы, Облыстың жастар ресурстық орталығы және «Жастар бастамаларын қолдау орталығы» ҚБ.