Отандық өндіріс White Wave, Fresco, Ева, Optimo, Sole брендтерімен заманауи жоғары сапалы материалдардан тұрмыстық сантехникалық тауарларды өндіруге маманданған.
Кездесу аясында өндірістік цехтар мен кәсіпорын учаскелері бойынша экскурсия өтті.
ЖОО өкілдері кәсіпорынның өндірістік құрылымымен танысты, өндірісте қолданылатын озық технологиялары, заманауи жабдықтар мен шығарылатын өнімнің ассортименті туралы білді.
Сонымен қатар, өндіріс үшін білікті мамандарды даярлау шеңберінде өзара іс-қимыл мәселелері – студенттерге өндірістік тәжірибелер мен таныстыру экскурсияларын, университеттің жас қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, түлектерді жұмысқа орналастыру; кәсіпорын мен ЖОО арасындағы ынтымақтастықты дамыту – жылыту аспаптарын сертификаттау бойынша бірлескен зертхана құру; жастармен бірлескен мотивациялық, тәрбие жұмысы және кәсіптік бағдар беру қажеттілігі талқыланды.