Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында «Summer Science School» жазғы лагерінің апталығы басталды


Бүгін, 3-і маусым күні Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Summer Science School» жазғы лагерінің алғашқы күні «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасында басталды. Лагерге академик Е.А.Букетов атындағы №52 жалпы білім беретін орта мектептің 10-сынып оқушылары қатысты.

«Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы Аубакиров Д.Р. алғы сөзінде жазғы лагердің оқушылар үшін мамандық таңдауда септігі зор екенін баса айтты. Университетке экскурсия жасап, кафедра жұмысының маңыздылығымен қатар, мамандықтың құндылығы туралы түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кафедраның аға оқытушысы Тулегенова Ш.Н «Темір дәуірі: технологиялар мен қорытпалар» тақырыбында кіріспе дәрісін оқыса, кафедра доценті, Саркенов Б.Б. металдар туралы қызықты

мәліметтермен таныстырды. Дәрістен соң «Халықаралық металиалтану орталығынында» жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларымен таныстырды. Зертхананың материалдық-техникалық базасында ыстыққа төзімді жаңа қорытпаларды балқыту технологиясымен және қорытпалардан құймаларды алу жолдарын көрсетті. Сондай-ақ, темір металлургиясының даму тарихымен таныстырды.

«Құю өндірісінің жабдығы мен технологиясы» зертханасында құмды-сазды қоспалардан қалыптар жасауды және металдарды құю процестерімен танысты.

Экскурсия барысы оқушылар үшін өте қызықты өтіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Кафедраның ғылыми жетістіктерімен қатар, өңірдің дамуына қосқан үлестерімен танысты. Мектеп басшылығы оқушыларға мол мүмкіндік ұсынған университет ұжымына өз алғыстарын білдірді.

«Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының оқытушылары оқушылардың білім жолын ҚарТУ-да жалғастырып, сапалы білім алуға шақырды. «Summer Science School» жазғы ғылыми лагері 7-і маусымға дейін әр кафедрада өз жалғасын табатын болады.

Без рубрики